Сансызбай Есілов: Елдің әл-ауқаты – басты назарда
Президенттің Жолдауын оқығанда бұл маңызды құжаттың идеясы, негізінен, елдің берік болашағы мен халқының біртұтас ұлт болып қалыптасудың қам-қаракеті екеніне көз жеткізесіз. Әсіресе Жолдаудағы үшінші бағдарда бұл қағида тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан.
Еліміздің басты құндылығы – адам және оның құқығы екені Ата Заңда анық көрсетілген. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру екінші республиканы нығайтудың басты мақсаты болмақ. Халық әл-ауқатының ойдағыдай жоғары болғанда ғана қоғам орнықты дамиды. Бұл – ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома.
Халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі факторы жалақының өсуіне тікелей байланысты. Осыған орай, Президент ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеруді орынды деп санаймын. Бұл жиынтық зейнетақыны 2025 жылға дейін 27 пайызға көтеруге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Президент өз сөзінде әлеуметтік мәселелердің үлкен бір бөлігін көтерді. Соның бірі – соңғы жылдары күн тәртібінен түспей келе жатқан әйелдердің зейнетке шығу жасы. Ол 2028 жылға дейін 61 жас болып тіркелмек. Бұл шектеу – қазіргі ерлердің зейнетке шығу 63 жасынан екі жас кем деген сөз. Сонымен бірге әйелдерге жасалған жақсылық осымен шектелмейді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлемдер бір жарым жасқа дейін ұзартылды. Бұл шын мәнінде аналарға сәбилердің ең маңызды жасында балалармен бірге болуға мүмкіндік береді. Осы шаралар жас отбасыларға, әсіресе жас аналар мен сәбилерге жасалған мемлекеттің қамқорлығы деп білу керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы ең күтпеген, маңызды ұсыныстардың бірі Ұлттық қор – балаларға түбегейлі жаңа бағдарламасының Балалар жылы басталғаны туралы хабарландыру болды. Президент балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, 18 жасқа толғанға дейін аударуды ұсынды. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Президенттің пікірінше, бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нақты жолдама береді. Ұлттық байлықтан түскен пайданы өскелең ұрпақ үшін кәдеге жарату қазақ қоғамының көптен бері айтып келе жатқан ұсыныстарының бірегейі деу керек.
Жолдауда ол сондай-ақ бүкіл зейнетақы жүйесін қайта қарау қажеттігіне баса назар аударды. Осылайша, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесі 120 пайызға дейін жеткізілетіні атап өтілді.
Халықтың қамын ойлау, оларға қамқорлық таныту, сапалы білім беру, медициналық қызметтерді жақсарту, жастар мен педагогтарды қолдау сияқты мәселелер мемлекеттің басты назарында болуы тиіс.
Сонымен бірге Жолдаудың маңызды ұстанымы – елдің тұрмысын, әлеуметтік жағдайын жаңа кезең талаптарына сай бейімдеу, елдің тұрмыс сапасын көтеру, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру игіліктерінің жаңа сатысына көтерілуі ауадай қажет екені де жария етілді.
Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін үлкен жаңалықтарға толы болды. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек. Жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған.
Жаңару, жаңғыру табалдырығында тұрған Қазақстанның гүлденуі – баршамыздың бақуатты тірлігіміз. Ендеше, Президент айтқандай, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, жарқын болашақ үшін жұмыла күресейік.
-->Президенттің Жолдауын оқығанда бұл маңызды құжаттың идеясы, негізінен, елдің берік болашағы мен халқының біртұтас ұлт болып қалыптасудың қам-қаракеті екеніне көз жеткізесіз. Әсіресе Жолдаудағы үшінші бағдарда бұл қағида тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан.