Жолдау

Жолдау жастардың болашағына бағыт-бағдар берді

Сондай-ақ қоғамдық бірлестік төрағасы халықтың әлеуметтік жағдай жақсарту үшін қабылданған бірқатар шешім туралы айтты.

 

-->

Жолдауда Мемлекет басшысы қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы.  Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде бастама көтерді. Мұның бәрі реформалар бағытының дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді,- деді Асхат Бағдатұлы.

Сондай-ақ қоғамдық бірлестік төрағасы халықтың әлеуметтік жағдай жақсарту үшін қабылданған бірқатар шешім туралы айтты.

Су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлінуде.  Барлық әлеуметтік төлемдер индекстелуде, зейнетақы қайта қаралады.  «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылмақ. Отанымыздың өсіп, өркендеп, даму жолында әрбір қазақстандық табысты еңбек ететініне сенеміз! «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік» деген Президентіміздің ұстанған бағыты айқын. Біз әділетті Қазақстан құруға атсалысуға тиіспіз! Жаңа Қазақстанның даңғыл жолы дара болатынына  ешқандай күмән жоқ. . Сондықтан біз, жастар, Президенттің бағытын толық қолдаймыз. – дейді Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.