Елордада Президент Жолдауы талқыланды
Amanat партиясының елордалық филиалында Президент Жолдауы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин қатысып, сөз сөйледі.
Сондай-ақ жиында мәслихат депутаттары мен жастар өз пікірлерін білдірді.
-->Amanat партиясының елордалық филиалында Президент Жолдауы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин қатысып, сөз сөйледі.
Жолдауда жастарды жұмыспен қамту мәселесі жайында айтылды. Мәселен, кеше оқуды бітірген жастар арасында жұмысқа орналасуда тәжірибе жоқтығынан мәселелер туындайды. Осы бағытта жұмыстар атқарылады. Егер механизмдерді дұрыстап жасасақ, бұл мәселе де шешімін табады деп ойлаймын. Жалпы, кешегі Жолдаудың халық үшін жағымды тұстары бар. Ал бүгіннен бастап Жолдауды халық арасында түсіндіру жұмыстары атқарыла бастайды, - деді Азамат Айтхожин.
Сондай-ақ жиында мәслихат депутаттары мен жастар өз пікірлерін білдірді.
Кешегі Жолдау бұған дейін жарияланған саяси реформалардың жалғасы деп білемін. Екіншіден, Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығып отырғанының дәлелі – кешегі Жолдау. Жолдауда айтылған мәселенің бірі – балабақша тәрбиешілерінің жалақысы. Өйткені олардың жалақысы мардымсыз. Мәселесі кенжелеп қалды. Міне, осы сұрақтарға Президент нақты жауап берді. Сондай-ақ балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік жағдайын көтеру, жалақысын өсіру сынды және т.б. мәселелерге басты назар аударылды, - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ляззат Разбекова.