Жолдау

Ерлан Қошанов: Жолдау – бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы

Оған Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, Орталық аппараттың қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, бейнеконференция байланысы арқылы партияның барлық аймақтық филиалдары қосылды.

Ерлан Қошанов жиынға қатысушылардың назарын Жолдау – Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тағы бір үлкен қадам екеніне аударды.

Сонымен қатар, партия төрағасы қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Президент мемлекеттік әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын атап өтті: білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлінуде, барлық әлеуметтік төлемдер индекстелуде, зейнетақы қайта қаралуда, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылуда.

Сондай-ақ іс-шара барысында партияның Саяси кеңесі бюросының мүшесі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі. Оның айтуынша, Жолдау ел дамуының алдағы бағытын айқындайды.

Жиын қорытындысы бойынша Amanat төрағасы Ерлан Қошанов партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алдына Жолдауды халық арасында ілгерілету және онда айтылған Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыру жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды.

-->

Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы. Алдағы сайлау науқандарының кестесі жарияланды. Мемлекет басшысы Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде бастама көтерді. Мұның бәрі реформалар бағытының дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді, – деді ол.

Сонымен қатар, партия төрағасы қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Президент мемлекеттік әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын атап өтті: білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлінуде, барлық әлеуметтік төлемдер индекстелуде, зейнетақы қайта қаралуда, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылуда.

Amanat партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайды. Президенттің Жолдауда ұсынған барлық реформалары – бұл елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін прогрессивті әрі уақтылы шаралар», – деп атап өтті Е.Қошанов.

Сондай-ақ іс-шара барысында партияның Саяси кеңесі бюросының мүшесі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі. Оның айтуынша, Жолдау ел дамуының алдағы бағытын айқындайды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты толғандыратын барлық өзекті мәселені қамтыды. Бұл су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару және тағы басқалар. Сондықтан біз Президенттің бағытын толық қолдаймыз, – деді Дархан Қыдырәлі.