Қазақстан боксшылары Бангкокте өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан боксшылары Бангкокте өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup турнирінде төрт медаль жеңіп алды , деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін ақтық сынның күндізгі сессия өтті. Нәтижесінде отандастарымыз үш алтын, бір күміс медальға ие болды.

Досжан Жұмақан 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Сива Чайнаронгтан басым түсті.

Хамза Мақсатұлы 75 келіге дейінгі салмақтың финалында Өзбекстан спортшысы Сухроб Рахматуллаевты айқын басымдықпен жеңді.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы финалда өзбекстандық Асалой Бахтиорованы мерзімінен бұрын жеңді.

90 келіге дейінгі салмақтың финалында сынға түскен Жалғас Өтебеков өзбекстандық Асадбек Султанбоевке есе жіберді.

Айта кетейік, кешкі сессияда Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Кәмила Оспанова (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтастады.