Жеңістің 80 жылдығы: елордада шахматтан қалалық ашық чемпионат өтті
Астанадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында шахматтан қалалық ашық чемпионат ұйымдастырылды. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына арналды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнирге мүмкіндіктері шектеулі 8 команда қатысты. Олардың қатарында тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымдалған спортшылардан құралған командалар бақ сынады.
Әйелдер арасында жеңімпаздар:
1-орын – тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар: Айғаным Қамбарова, Әлия Жұбатқанова, Райгүл Шандәулетова.
2-орын – көру қабілеті төмен спортшылар: Майраш Тоқыбаева, Бәтес Амантаева, Әлия Мұратова.
3-орын – есту қабілеті төмен спортшылар: Раушания Жилина, Жанат Мухамчанова, Анар Ержанова.
Ерлер арасында жеңімпаздар:
1-орын – тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар: Әділ Мұқанов, Ануар Манашев, Бахтияр Ахметов.
2-орын – «Шарапат» мекемесі:
Мұхтар Атжанов, Владимир Ким, Орынтай Мұхтаров.
3-орын – есту қабілеті төмен спортшылар: Алмас Шаимов, Амангелді Серғалиев, Сергей Ермишкин.