Олжас Бектенов Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Талғат Бегелдинов соғыс жылдарында әуеде 500 сағатқа жуық ұшып, 305 рет әскери шабуылға шыққан, жаудың 7 ұшағы мен көптеген әскери техникасын талқандады. Сәтті орындалған барлау операцияларының нәтижесінде ол үздік әуе барлаушыларының бірі ретінде танылды. Батыр Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға, инфрақұрылым салуға және кәсіби мамандар даярлауға зор үлес қосты.

Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен барша майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.