Ұлы Жеңіске - 80

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме өтті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көрмеде Бауыржан Момышұлының жеке күнделігі, 1955-1956 жылдары Калинин қаласында пайдаланған қойын дәптері, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, портреті, фотосуреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылды.

Іс-шараға ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы ғалымдар қатысты.