VI Жастар спорт ойындары: астаналық спортшылар академиялық есуде топ жарды
Түркістан қаласында VI Жастар спорт ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі додада елордалық спортшылар академиялық есу бойынша алғашқы күннен-ақ жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Екінші күн қорытындысына сәйкес астаналық спортшылар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Алтын медаль иегерлері:
• Бапан Асханбек / Арыстан Айбеков (M2x)
• Артём Матусевич / Бауыржан Сұлтанов (LM2x)
• Аягөз Қоңырбаева / Саида Мағзұмова / Жансұлу Қайырова / Медина Қоңырбаева (LW4-)
• Тимур Фомичев / Ярослав Мельников / Арслан Сексен / Дидар Сәгімбаев (M4-)
Күміс медаль иегерлері:
• Эльдар Татаринов / Абай Мұхаметқан / Сұлтан Құлназаров / Бауыржан Сұлтанов (LM4-)
Қола медаль иегерлері:
• Медина Коңырбаева / Жансұлу Қайырова (LW2x)
• Сара Жұмаш / Әділ Аружан (LW2x).
Айта кетейік, жарыс 19 қыркүйекке дейін жалғасады.