Елорда үздіктері

Президент астаналық шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.