Елордалық құтқарушылар жанып жатқан гараждан 7 газ баллонын шығарды
Бүгін Астана қаласының Жидебай көшесінде жеке меншік үй аумағында гараж өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға орнына жеткен ТЖД күштерінің негізгі міндеті жарылыстың алдын алу және оттың таралуына жол бермеу болды.
«Құтқарушылар жанып жатқан гараждан 7 тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге жедел түрде шығарды.
Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі еске салады: газ баллондарын жылу көздеріне тікелей жақын жерде немесе үй-жайларда сақтау қауіпті!