Елордалық құтқарушылар мейрамханадағы өрттің таралуына жол бермеді
Астанада Қонаев көшесінде орналасқан мейрамханалардың біріндегі ас үйде құбырдағы май қалдықтары жанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өртті тез арада сөндірген.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мейрамханадан далаға 30-ға жуық адам өз бетінше шықты.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада.