Елорда үздіктері

Елордалық спортшылар гір спортынан әлемдік бәсекелерде екінші орынды еншіледі

Өзбекстанның Ханабад қаласында гір спортынан ересектер арасындағы әлем кубогы және U-16, U-18 жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байрақты бәсекеге 25 мемлекеттен 480-нен астам спортшы қатысты. Аталмыш халықаралық додада Қазақстан намысын қорғаған Астана қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы есеп бойынша елордалық спортшылар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль иеленіп, командалық есепте екінші орынды қанжығалады.

Жарыс нәтижелері бойынша жүлдегер спортшылар тізімі:

Ерасыл Тұрарбек – серпе жаттығуда 3-орын;

Ермұхаммет Тұрар– ұзақ цикл және серпе жаттығуларында 3-орын, үшсайыста 2-орын;

Алишер Усин – ұзақ циклде 3-орын, үшсайыста 2-орын;

Арнур Есенбаев – серпе және жұлқа жаттығуларында 3-орын;

Арманжан Әбуов – ұзақ циклде 2-орын, үшсайыста 3-орын;

Марат Еслямов – ұзақ цикл, серпе және жұлқа жаттығуларында 1-орын;

Серік Абдахин – ұзақ цикл, серпе және жұлқа жаттығуларында 1-орын.