Елорда үздіктері

Елордалық спортшы шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Турнир аясында ерлер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңі өтті.

Ширек финал қорытындысы бойынша астаналық Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге өтті.

Өз жарысында ол екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.

Ал Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жарысты жалғастырады. Егер сәтті өнер көрсетсе, ол да жартылай финалға жолдама ала алады.