Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған айтулы дода 24 ақпаннан 30 қыркүйекке дейін жалғасты.
Спорттың 34 түрін қамтыған бәсекелер Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан облыстарында өтіп, 2 500-нан астам спортшы жүлдеге таласты.
Тартысты бәсекеде Астана қаласының 700-ге жуық спортшысы ойындар бағдарламасына енген 28 спорт түрінен бақ сынады.
13-25 жас аралығындағы спортшыларды қамтыған төрт жылдықтың басты додасында елорда спортшылары 74 алтын, 84 күміс және 68 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте күміс жүлдегер атанды.
Бірінші орынды Алматы қаласы жеңіп алса, Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеді.