Елордада 10 үздік жас отбасылар сынға түсіп жатыр
Бүгін Астанада жас отбасылар арасындағы «Үздік жас отбасы» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Оған қатысуға 50-ден астам отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. Солардың бірі – астаналық Тырнақановтар отбасы.
Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнар Кулушева және т.б. бар.
Қазылар алқасы қатыушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. «талантты отбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы «Сөз тап» ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек.
Сайыс соңында үздік деп танылған отбасыларға қаржылай сыйақы табысталады.
Сабина КӘКІМЖАН
-->Оған қатысуға 50-ден астам отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. Солардың бірі – астаналық Тырнақановтар отбасы.
Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету, - деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.
Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнар Кулушева және т.б. бар.
Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын көпшілік арасында дәріптеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ халқынығ салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын заманға сай жаңғырту, жанұя институтының мәртебесін көтеру, сондай-ақ жас отбасылардың қоғамдық белсенділігін арттыру, - деді әділ-қазылар мүшесі Гүлнар Ережеқызы.