Астаналық ТЖД құрама командасы қысқы чемпионатта үздік атанды
Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХХІІI – ерлер арасындағы, ХI – әйелдер арасындағы, X – жасөспірім ұлдар арасындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің қысқы чемпионаттары өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарысқа еліміздің әртүрлі облыстарынан, қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 500-ге жуық спортшы қатысуда.
Бірінші күні чемпионат қатысушылары шабуыл сатысы дисциплинасы бойынша бақ сынасты. Онда жас ерекшеліктері бойынша спортшылар оқу мұнарасының екінші, үшінші және төртінші қабаттарына көтерілді. Чемпионаттың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу күрес басталды.
«Барлық спортшылар мықты, жақсы дайындықты көрсетеді. Бұл спорттың элементтері адамдардың өмірі мен өртті сөндірудің немесе төтенше жағдайды жоюдың сәттілігі өрт сөндірушілердің шебер және жылдам әрекеттеріне байланысты болған кезде санау бірнеше секундқа созылатын өмірде, өртте және басқа да төтенше жағдайларда алынады. Өрт-құтқару спорты – төтенше жағдай қызметінің жеке құрамын арнайы даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі», - деп түсіндірді «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев.
Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында командалық есепте орындар келесі түрде орналасты:
Ерлер арасында:
1-орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы;
2-орын – ШҚО ТЖД құрама командасы;
3-орын – Ақтөбе облысы ТЖД құрама командасы.
Әйелдер арасында:
1-орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы;
2-орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы;
3-орын – Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы.