Астаналық құтқарушылар өрттен екі баланы құтқарды (ВИДЕО)
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді.
«Құтқарушылар үш адамды, оның ішінде екі баланы құтқару маскасының көмегімен баспалдақ арқылы құтқарып алды.
Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.