Елордалық құтқарушылар алғыс хаттармен марапатталды
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шара барысында департамент бастығының орынбасары Ерік Мұхаметқалиев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен балаларды өртте құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін қала тұрғыны Құндыз Қожамбергенованы «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ департаменттің бірқатар қызметкерлері «Мінсіз қызметі үшін» І, ІІ және ІІІ дәрежелі медальдарға ие болды.
Бұдан басқа, елімізде болған су тасқынын жоюға белсенді қатысқаны үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен және ТЖМ құрмет грамотасы, Алғыс хатымен 32 құтқарушы марапатталды.