Астаналық спортшылар велотректен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Астана спортшылары велотректен Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Малайзияның Нилай қаласында велотректен Азия чемпионаты басталды. Биылғы құрлықтық додаға 16 елден 306 таңдаулы спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының үш спортшысы ересектер және жасөспірімдер арасында ел намысын қорғауда.
Жарыстың алғашқы күнінде командалық бәсекелер өтті. Нәтижесінде, жасөспірімдер құрамасы командалық спринт сайысында күміс жүлдеге ие болды. Бұл жетістікке Астана қаласының екі спортшысы – Аркадий Шемет пен Диас Базарбеков өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 ақпанда өз мәресіне жетеді.