Астаналық спортшы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында «элита» санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.