Елорда үздіктері

Астаналық полицей Андрей Малаховтың кешкі шоуында ән салып, желідегілерді тәнті етті (видео)

Андрей Малаховтың кешкі шоуына астаналық учаскелік полицей Нұралы Тәңірбергенов қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Онда ол аты аңызға айналған Modern Talking тобының Cheri, Cheri Lady әнін музыканттардың сүйемелдеуімен ағылшын тілінде тамаша орындап шықты. Ал залдағы ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары мен көрермендер орындарынан тұрып билеп, әншіге қызу қолдау көрсетті.  

Көрші елдің телеарнасында өнер көрсеткен астаналық полицей қызметкерінің талантына тәнті болған оқырмандар да желіде ақ тілегін жаудырды.

«Өзіміздің учаскелік полицей ғой! Сен үшін мақтанамыз», «Сұлу жігіт. Қазақтың қолынан келмейтіні жоқ. Оларға тең келетін ешкім жоқ», «Андрей Малахов, жарайсың! Өз жерлестерімізді осы бағдарламадан танып жатамыз. Қаншама таланттарымыз бар, өз елімізде де соларды тауып, неге бағаламайды? Андрейге «Достық» орденін беру керек», «Учаскелік полицей ретінде ол тамаша адам», «Осыдан кейін бір учаскелік полицейге құрметім артты», «Нағыз полицей! Езуіне әдемі күлкі үйірілген, мейірімді. Осылай халқыңа адал еңбек етіп, генерал шеніне дейін көтерілуіңе тілектеспіз» деп жазды оқырмандар.

 

@isidorov378

Нуралы Танирбергенов(Астана,Казахстан) Cheri,Cheri Lady

♬ оригинальный звук - Иван