Астаналық параспортшылар ел чемпионатында топ жарды
Шығыс Қазақстан облысындағы «Титан» ат спорт-сауықтыру кешенінде паралимпиадалық ат спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астанадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты.
Қатысушылар паралимпиадалық ат спортынан өнер көрсетті: «Ат спортының бастауы», «Жеке жүлде» және «Кюр» (фристайл-тест).
Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық параспортшылар бес медаль иеленді:
• Ахмад Билял – 1-орын;
• Әділ Елубай – 1-орын;
• Әнуар Әбжанов – 2-орын;
• Арнұр Дауылбаев – 2-орын;
• Томирис Ералы – 3-орын.