Елорда үздіктері

Астаналық оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдәулет халықаралық StemCo халықаралық олимпиадасына қатысып, алтын медаль иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жасар оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Нұрдәулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, еліміздің атын асқақтатты.

Айта кетейік, сол жарысқа «Жаратылыстану» пәні бойынша қатысқан 4-сынып оқушысы Ақболат Зере үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.