Астаналық оқушы Азия физика олимпиадасында арқайы сыйлыққа ие болды
Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші APhO-2025 Азия физика олимпиадасы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті – барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы Best Female сыйлығына ие болды.
Күміс медаль иегерлері:
Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
Әмір Пішенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы;
Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы.
Қола медаль иегерлері:
Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы;
Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы;
Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы НЗМ.