Елорда үздіктері

Астаналық дәрігер ұшақ бортында егде адамның өмірін сақтап қалды

24 қаңтарда Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушы кенеттен қысылып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Астана медицина университетінің түлегі және ҚР ПІБ ЖМА отоневролог дәрігері Қарлығаш Бакирова үйлесімді іс-қимылының арқасында егде адамның өмірін сақтап қалды.

Немересімен бірге ұшқан Виктор Карпин жағдайының күрт нашарлағанын сезді. Әуесеріктер жолаушының жағдайына назар аударып, байланыс арқылы медицина қызметкерін шақырды.

Қарлығаш Бакирова дереу көмек көрсетуге кірісті.

«Пациент гипертониямен ауырған, бірақ дәрігердің қарап-тексеру кезінде оның қысымы 50/30 мм сынап бағанасына дейін төмендегені анықталды және импульс сезілмеді.

Жағдай жедел іс-қимыл жасауды қажет етті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Қарлығаш Бакирова реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасап, пациенттің жағдайын уақытша тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Дәрігер шұғыл қонуды талап етті және экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонуға шешім қабылдады.

Ұшып келгеннен кейін Виктор Алексеевич дәрігерлердің қолына тапсырылды, кейінірек оның жағдайы тұрақталды.