Елорда үздіктері

Астанада мерген полицей арулар анықталды

Астана қаласының Полиция департаменті әйел қызметкерлері арасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке және командалық біріншілік өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастауымен «Алатау» спорт кешенінің ату тирінде жарыс деңгейі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Бас төреші Астана қалалық арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Марат Қонақбаев болды.

Жарысқа 10 команда қатысып, жеке есепте де өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысын саралай келе командалық есепте жүлделі І орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы, жүлделі ІІ орын ПД аппаратының жедел бөлімшелері, ІІІ орын «Алматы» ауданы ПБ командасы иеленді.

Жекелей өнер көрсетуде ПМ-2 жаттығуы бойынша жүлделі І орын Полиция департаменті штаб басқармасының инспекторы Әсел Әлімханова, ІІ орын жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Дариға Мәжитова, ІІІ орын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Әсия Ибраеваға бұйырды.

Ал ПМ-5 жаттығуының жеңімпаздары жүлделі І орын арнайы қимылдайтын жасақ инспекторы Дариға Мәжитова, ІІ орын криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Әсем Аринова, ІІІ орын «Есіл» ауданы ПБ жедел басқару бөлімінің бастығы Олесия Кузьменко қанжығаларына байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамы грамоталарымен, медальдарымен, кубоктарымен және сыйлықтармен марапатталды.