Елорда үздіктері

Астанада Эколог күніне орай марапаттау рәсімі өтті

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара аясында экология саласында жемісті еңбек етіп жүрген 70-тен астам қызметкер Астана қаласы әкімінің атынан марапатталды. Сондай-ақ бірқатар мамандарға құрмет грамоталары, алғысхат пен «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.