Елордада «Мейірімділік керуені» байқауының үздіктері марапатталды
Іс-шара жыл сайын Қазақстанның дамуына үлес қосып келе жатқан жүздеген меценат пен қамқор жандарды анықтайды.
Байқауды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Amanat партиясымен, Іскер әйелдер қауымдастығымен және Тұңғыш Президент қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
Биыл «Мейірімділік керуеніне» қатысуға 1 033 өтінім келіп түсті, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 165 өтінім.
Байқауға әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан және өзгелерді игі істермен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталды: «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарларға мейірім».
-->Іс-шара жыл сайын Қазақстанның дамуына үлес қосып келе жатқан жүздеген меценат пен қамқор жандарды анықтайды.
Байқауды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Amanat партиясымен, Іскер әйелдер қауымдастығымен және Тұңғыш Президент қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
Биыл «Мейірімділік керуеніне» қатысуға 1 033 өтінім келіп түсті, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 165 өтінім.
Байқауға әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан және өзгелерді игі істермен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталды: «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарларға мейірім».
Еңбегіміз бағаланғанына өте ризамын. Біз ерекше балалармен, әлеуметтік отбасылардың балаларымен спорт және мәдениет бағыты бойынша тығыз жұмыс істейміз. Ата-аналар өтініш берді, мұндай номинацияны жеңіп аламыз деп күтпеген едік. Өте ризамын және бұл біз үшін ерекше құрмет, – деді «Тұмар» мәдениет және спорт орталығының жетекшісі Аида Әміржанова.