Елорда үздіктері

Елордалық оқушы Олимпиада чемпионы болуды армандайды

Өз қалауы және әке-шешесінің қолдауымен 6 жасынан бастап су дойбысына қатысып келеді.

Ай-Арудың арманы – Олимпиада чемпионы болу. Қазіргі таңда қалалық жарыстарға қатысып тұрады.

Кішкентай болса да кітапқа қызығушылығы жоғары Ай-Ару оқыған шығармаларын талдағанды ұнатады.

«Абай жолы» романын оқып бітірген ол көркем еңбек, ағылшын тілі, әдебиет және математика пәндерін сүйіп оқиды.

Ай-Арудың тіл үйренуге құштарлығы керемет. Болашақта әр елге саяхаттаған кезде тіл білу маңызды деп санайды.

Ол айналасындағы адамдарнан жақсылық көрсе, өз бойына сіңіруге тырысады. 

Анасы Маржанның айтуынша, Ай-Арудың жүрегі нәзік.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

-->

Өз қалауы және әке-шешесінің қолдауымен 6 жасынан бастап су дойбысына қатысып келеді.

Негізі өзім жүзуді жақсы көремін. Ал су добымен айналысу үшін міндетті түрде жүзу білу керек. Сол үшін де бұл спортты жақсы көріп кеттім. Жалпы су добы ойынын XIX ғасырда Ұлыбританияда Уильям Уилсон ойлап тапты. Бұл – көне олимпиадалық спорт түрі. Алғаш рет 1900 жылы Олимпиада ойындарына енгізілді. Су добы – судағы доппен ойналатын командалық ойын. Қарсыластардың қақпасына көп доп соғу – ойынның шарты. Жарыстардың көпшілігі бассейндерде өтеді. Әр командада 7 адамнан ойнайды. Командамен жарысқа қатысқан басқаша. Жетістігімізге әрбіріміздің үлесіміз бар екенін сезінеміз, – дейді үздік оқушы.

Ай-Арудың арманы – Олимпиада чемпионы болу. Қазіргі таңда қалалық жарыстарға қатысып тұрады.

Спортпен қатар басқа да үйірмелерге қатысамын. Себебі өзімді жан-жақты дамытуды қалаймын. Атап айтсам, сурет салу, домбыра, ағылшын тілі мен шахмат үйірмелеріне барып жүрмін. Осыған дейін би үйірмесіне қатыстым. Жалпы сымбатты болуға, денсаулығың мықты болу үшін бидің де пайдасы мол, – деді Ай-Ару Бауыржанқызы.

Кішкентай болса да кітапқа қызығушылығы жоғары Ай-Ару оқыған шығармаларын талдағанды ұнатады.

«Абай жолы» романын оқып бітірген ол көркем еңбек, ағылшын тілі, әдебиет және математика пәндерін сүйіп оқиды.

Ай-Арудың тіл үйренуге құштарлығы керемет. Болашақта әр елге саяхаттаған кезде тіл білу маңызды деп санайды.

Ол айналасындағы адамдарнан жақсылық көрсе, өз бойына сіңіруге тырысады. 

Еліміздегі көп мәселе мені алаңдатады. Атап айтсам, адамдардың қоқыстарды жинамайтыны ұнамайды. Әркім еліне өз әрекетімен көмектесуі керек. Болашақта қоқыстарды жинап, олардан пайдалы нәрсе жасауды көп насихаттар едім. Екіншісі – жануарлардың далада қараусыз жүруі. Қазақстанда оларға көп көңіл бөлінбейді. Мейірім деген осындайдан басталады ғой. Үшіншісі – жалқаулық. Көп адам еңбек етуден қашады. Адам еңбек етпегесін, арман да пайда болмайды. Егер елімізде көп тігін фабрикасы болса, біз бай болар едік. Адамдардың бәрі табысты өмір сүрер еді деп ойлаймын. Ал ең үлкен арманым – дизайнер болу. Сенің қолыңнан шыққан киімді киіп жүргенін көру – ең ғажап сезім. Бір жағы бұл мамандық үнемі еңбектенуді қажет етеді, – дейді Ай-Ару.

Анасы Маржанның айтуынша, Ай-Арудың жүрегі нәзік.

Ай-Арудың достары өте көп. Бәрімен емен-жарқын араласады. Демалыста үй шаруа­сына көмектеседі. Жалпы осы спорт түріне қатыстыру менің идеям болды. Әкесі қолдап, 2019 жылы жеке жаттықтырушымен жаттығып бастадық. Қазір командалық жүзуге көшті. Бірнеше жарыс­тарға қатысып та үлгерді. Болашағынан күтеріміз мол. Маған қызым болашақта қайырымдылықпен айналысатын сияқты көрінеді. Себебі өте мейірімді. «Неге адамдардың үйі жоқ?», «Жетім балалар неге көп?» деп жиі сұрайды. Үнемі ойланып жүреді, – деді анасы.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ