Елорда жаңалықтары

Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн: Комиссия мүшелері «Үміт» орталығында болды

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Снежана Имашева мен Қарақат Әбден және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мүшелері «Үміт» дағдарыс орталығында болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Соның аясында қоғамда өзекті болып отырған мәселе бойынша түрлі талқылаулар мен пікірталастар өтіп жатыр. Зорлық-зомбылық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілді. 

«Үміт» дағдарыс орталығында өткен отырыста ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚП Президенті жанынағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Ұлттық комиссияның мүшесі С.Имашева заң жобасын әзірлеуде өзге елдердің де тәжірибесі ескерілгенін айтып өтті. 

11.jpg

Отырыста сөз алған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Ұлттық комиссияның мүшесі Қ.Әбден отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары еліміздің бүкіл аймағында талқыланғанын және жергілікті комиссия бұл бағытта жұмысын ширату керектігіне тоқталды. 

22.jpg

Отырысқа қатысқандар республикалық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жергілікті комиссиямен бірлесіп, ақпараттық-консультативтік көмек көрсетуі және олардың отырысына онлайн режиміне қатысу мүмкіндігі қарастырылуы керек екенін айтты. Отырыста айтылған ұсыныс қалалық комиссия дербес комиссия емес, бәрінің мүддесі бір, сондықтан жұмысты жүйелендіріп, бірізділікке түсірілуі қажет.

ҚР ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Баян Түйкебаеваның айтуынша «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында арнайы подкасттар түсіріліп, әлеуметтік желі арқылы таратылуда. Дегенмен жұмыстар кешенді атқарылуы керек.

55.jpg

Отырысқа қатысқан қалалық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Сәркенова да кешенді жұмыс жасалуды қолдайды.

-->

Заң жобасын әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Көптеген пікірлер, ұсыныстар келіп түсті, оның барлығы ескерілді. Ең басты мақсатымыз зорлық-зомбылықты азайту. Әзірге еш мемлекет бұл мәселені түбегейлі шешкен жоқ. Кей елдер енді қарастырып жатыр, енді бірінде бұл тақырып жабулы. Дегенмен біз отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде белгілі бір нәтижеге жеткен елдердің үздік тәжірибесін ескердік, - деді С.Имашева.

Отырыста сөз алған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Ұлттық комиссияның мүшесі Қ.Әбден отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары еліміздің бүкіл аймағында талқыланғанын және жергілікті комиссия бұл бағытта жұмысын ширату керектігіне тоқталды. 

22.jpg

Біз отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заң жобасын біраз уақыт талқылап, зерделейміз деген болатынбыз. Алайда соңғы оқиғалар бұл заңның мейілінше жедел қабылдануы қажеттігін көрсетті. Статистикалық деректерге қарасақ, қалыптасып отырған жағдайдың алаңдатарлық деңгейде екенін байқаймыз. Сондықтан жергілікті комиссия жұмысты одан әрі ширатып, белсенділігін арттыруы керек деп есептеймін, - деді ол.

Отырысқа қатысқандар республикалық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жергілікті комиссиямен бірлесіп, ақпараттық-консультативтік көмек көрсетуі және олардың отырысына онлайн режиміне қатысу мүмкіндігі қарастырылуы керек екенін айтты. Отырыста айтылған ұсыныс қалалық комиссия дербес комиссия емес, бәрінің мүддесі бір, сондықтан жұмысты жүйелендіріп, бірізділікке түсірілуі қажет.

ҚР ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Баян Түйкебаеваның айтуынша «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында арнайы подкасттар түсіріліп, әлеуметтік желі арқылы таратылуда. Дегенмен жұмыстар кешенді атқарылуы керек.

55.jpg

Бәріміз заңды қатайту туралы айтып жатырмыз. Алайда криминализация мәселені түбегейлі шеше алмайды. Ол тек жасалған бір қадам ғана. Барлық жұмыс кешенді түрде атқарылуы керек деп ойлаймын.  Мұнда алдын алу шаралары маңызды. Әрі зардап шеккен балалармен де, агрессормен де жұмыс жасалуы тиіс. Ұлттық комиссия осы үшін арнайы бағдарлама дайындаса екен. Себебі мұндайға көбінесе алкоголизм, лудомания, нашақорлық себеп болады, - деді ол. 

Отырысқа қатысқан қалалық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Сәркенова да кешенді жұмыс жасалуды қолдайды.

Зорлық-зомбылық жасаушы агрессормен жұмыс жасалу керек. Оған мұндай әрекет үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айтылып, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мәжбүрлі түрде психологқа бару ұсынылуы керек. Бұл бағытта кешенді жоспар жасалуда, - деді ол.