Елорда жаңалықтары

Жөндеу жұмыстарына байланысты Әлімбаев көшесі толығымен жабылады

Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты 13-14 шілде күндері Астанадағы Амман көшесінен бастап, А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскедегі М.Әлімбаев көшесі толығымен жабылады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

-->

 

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады», - делінген хабарламада.