Елорда жаңалықтары

Зиялы қауым өкілдері елорданың «Есіл» ауданында 100 түп ағаш көшетін отырғызды

Астана қаласының «Есіл» ауданында өткен сенбілікке ақын-жазушылар, мәдениет пен өнер саласының қайраткерлері, қалалық «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының» қызметкерлері белсене қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сенбілікке қатысушылар қаланың жасыл аймағын кеңейту мақсатында 100-ден аса ағаш көшетін отырғызды. Бұл бастама елорданың экологиялық мәдениетін көтеру және тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Астана қаласы Жазушылар одағы филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, табиғатты қорғау тек экологиялық емес, рухани жауапкершілік екенін атап өтті.

Зиялы қауым өкілдері сенбілікті «ел игілігі үшін жасалған сауапты іс» деп бағалап, қала тұрғындарын табиғатты аяулауға шақырды.

Белсенділердің айтуынша, мұндай акциялар елорда тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға үлкен серпін береді.