Елорда жаңалықтары

Жылыту радиаторына аяғы қысылып қалған астаналық бүлдіршін құтқарылды

Елордалық құтқарушылар бес жасар қыз балаға көмекке келді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ш. Құдайбердіұлы даңғылындағы үйлердің бірінде болған.

2019 жылы туған баланың аяғы жылыту радиаторына қысылып қалған туралы хабарлама түскен соң, ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді.

«Құтқарушылардың кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында баланың аяғы босатылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.