Елорда жаңалықтары

Жылыту маусымы басталғалы елордада 139 тұрғын үйде өрт шыққан

Жылыту маусымы басталғаннан бері қала аумағындағы тұрғын үй секторында 139  өрт шыққан.

Департамент жергілікті атқарушы органның, еріктілердің, Ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Іс-шара барасында 3 кезең бойынша жеке тұрғын үй секторын аралаған. 

Профилактиканың бірінші кезеңі халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өткізілді. Шара барысында өрт қауіпсіздігі бойынша 2135 бұзушылық анықталған. Екінші кезеңде профилактикалық шарамен 4 569 саяжай қамтылған. Жылыту кезеңінде аталған үйлерде 1 өрт орын алды.  Үшінші кезең негізгі тұрғын үйлерде өткізілуде. Бүгінге дейін  45 312 тұрғын үйді аралап, тиісті жұмыстар жүргізілді. 

Сонымен қатар жылыту маусымы кезінде өрттердің, адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу мақсатында департамент жергілікті атқарушы органдар, полиция, еріктілермен бірлесіп «Қауіпсіз жанұя», «10 игі іс», «Жатақхана», «Қауіпсіз жылыту маусымы» атты акцияларын өткізді.

 Өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ бас ғимаратында, Экспо аумағында орналасқан «Нұр Әлем» мұражай көрмесінде жүргізіліп отырады. «Сity Transportation Systems» ЖШС бірлесіп қоғамдық көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша видеороликтер көрсетілуде. 

Сондай-ақ департамент «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы аясында сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жақында «Керуен сити» және «Рахмет» сауда үйінде өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылды. 

-->