Елорда жаңалықтары

Жол картасының әрбір тармағы депутаттармен бірге талқыланды – Ерлан Каналимов

AMANAT партиясының елорда филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының орындалу барысы Саяси кеңестің Бюросында талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері үлкен жұмыс атқарып, 127 тармақ келісілді, оның 15-і толығымен аяқталған, 4 тармақ аяқталу сатысында тұр. Барлық жауапты әкім орынбасарларының есептері тыңдалып, олармен бірге орындалмау себептері мен тәуекелдер егжей-тегжейлі анықталды. Жол картасының әрбір тармағы Мәжіліс депутаттарымен бірге талқыланады. Бұл мәслихат депутаттары мен әкімдік тарапынан осы салалардың дамуы бойынша алдағы үш жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының әзірленуі мен қабылдануының арқасында мүмкін болды. Саяси бюроның күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – АЭС құрылысына қолдау көрсету бойынша Халықтық штабтың жұмысы туралы есеп болды. Бүгінгі таңда елорда кәсіпорындарының ұжымдарымен 200-ден астам кездесу өткізіліп, бірнеше ондаған мың адам түсіндіру жұмыстарымен қамтылды», - деді мәслихат төрағасы.