Астанада 12 мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Астаналық полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында екі түнде жол қозғалысы ережелерін бұзған 12 мотоцикл жүргізушісін ұстады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 8 байкер, тиісті санаттағы басқару құқығынсыз және құжаттарсыз басқарған. Олардан Кавасаки ZX 9R, Enduro B7, Racer, Минск, SUZUKU S1B мотоциклдері алынып коммуналдық тұраққа орналастырылды.
Мотоцикл жүргізушілеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ Harley-Davidson мотоциклінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты міндетті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі әкімшілік хаттама жазылып, оның мотоциклі коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар, Yamaha және Кавасаки ZX 9R мотоциклдерінің нөмірі, стандартты бұзғаны анықталды. Оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астанада жаз мезгілі басталғалы 104 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-->Оның ішінде 8 байкер, тиісті санаттағы басқару құқығынсыз және құжаттарсыз басқарған. Олардан Кавасаки ZX 9R, Enduro B7, Racer, Минск, SUZUKU S1B мотоциклдері алынып коммуналдық тұраққа орналастырылды.