Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбектің «Сарайшық» ауданы тұрғындарымен кездесу уақыты өзгерді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 17 сәуірде «Сарайшық» ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жеңіс Қасымбектің «Сарайшық» ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі 17 сәуір күні бір сағат бұрын, сағат 9:00-де басталады», - делінген хабарламада.

Тікелей эфир «Сарайшық» ауданының Facebook парақшасында өтеді.

Өтетін орны: №91 мектеп-гимназиясы, А.Храпатый көшесі, 10.