Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан ұлттық құрамасын Ташкентте бокстан өткен 2023 жылғы ерлер арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын! 

Жүлдегерлер арасында екі алтын медальді елордалық боксшылар – Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) мен Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жеңіп алғаны қуантады. Сын сәтте жігіттеріміз деңгейлерінің жоғары екенін және жеңіске деген құлшыныстарын көрсете білді. 

Боксшыларымыздың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, үлкен жеңістерге жетуін тілеймін! - деп жазды Жеңіс Қасымбек.