Жеңіс Қасымбек сүрілетін жер үйлердің мәселесін дереу шешуді тапсырды
Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудан тұрғындарының бірі жер үйлерді сүру мәселесін көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аудан тұрғынының сөзінше, Республика мен Бөгенбай батыр даңғылы қиылысында орналасқан «Фаворит» тұрғын үй кешенің жанында орналасқан жеке үйлерді сүруге қатысты мәселе әлі шешілмеген.
«Бұл мәселе бойынша кеше мен бірнеше компания өкілдерімен кездестім. Енді олар үй иелерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Сүрілетін үйлердің бағасы биыл қымбаттағаны белгілі. Дегенмен тиісті компаниялар сатып алу жұмыстарымен айналысуда. Енді бұл мәселе келесі жылы толығымен шешіледі»,- деді Жеңіс Қасымбек.
Елорда әкімі жауапты компания өкіліне аталған мәселені тез арада шешуге тапсырма берді.