Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек республикалық референдумда дауыс берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек №211 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қалада 460 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар дауыс беру үшін өз учаскелерін ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz, Telegram чат-боты: referendum_astana_bot, іKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі, «Smart Astana» мобильді қосымшасының «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу» арқылы біле алады.

«Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғыс білдіремін!» - деп жазды Ж.Қасымбек.