Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек пара дзюдошы Ерғали Шамейді жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Астана қаласының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Тағы бір спортшымыз Париж Паралимпиадасы ойындарында медаль жеңіп алды! Дзюдошы Ерғали Шамейді күміс медалімен құттықтаймын! Бұл жеңістің артында күнделікті тоқтаусыз жаттығулар, темірдей тәртіп, шыдамдылық жатыр! Ал ең бастысы – өзіне және өзінің күшіне деген сенім. Сіз – еліміздің мақтанышысыз! Жеңісіңіз құтты болсын!», - деді әкім.