Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек пара дзюдошы Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Астана қаласының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Пара дзюдошымыз Ақмарал Науатбекті айтулы жеңісімен – Париждегі Паралимпиада ойындарында алған алтын медалімен құттықтаймын! Финалдық белдесуде Ақмарал шеберлік танытып, қайсарлығын, жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Бұл оның ғана емес, бүкіл Қазақстанның үлкен жеңісі! Ақмаралды жеңісімен құттықтаймын және еліміздің спорт тарихына қосқан баға жетпес үлесі үшін зор алғыс білдіремін!», - деді әкім.