Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен 9 қазанда кездеседі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Нұра ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі 9 қазанға ауыстырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу сағат 16:00-де өтеді.
Тікелей эфир Нұра ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында ұйымдастырылады.
Өтетін орны: №111 орта мектеп, Тұран даңғылы, 55/22.