Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! 

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің арқасында мыңдаған адам емделіп шықты. Адамның өмірі дүние есігін алғаш ашқан сәттен бастап сіздермен тікелей байланысты: нәрестенің аман-есен дүниеге келуі, адамдардың денсаулығы, түрлі аурулардан емделіп шығуы сіздердің қолдарыңызда. 

Мемлекет басшысы медицина саласының дамуына ерекше көңіл бөледі. Өз тарапымыздан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді, медициналық нысандар желісін кеңейтуді, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді ары қарай да жалғастырамыз. 

Сіздер отандық медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен абыройлы еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Мереке құтты болсын! - деп жазды елорда әкімі.