Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек елордадағы үлескерлер мәселесі туралы айтты

Бұл туралы  қала әкімі Жеңіс Қасымбек 7 арнаның «Саясаткер» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Үлескерлер мәселесі – үлкен мәселе. Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің мәселесін биыл толық бітіреміз. Мысалы, осыдан 3-4 жыл бұрын 16 мың үлескер болды. Былтыр олардың саны 4 мыңға қысқарды. Желтоқсан айында соңғы үлескерлер қолдарына кілттерін алады. Болашақта мұндай проблема болмау үшін Парламентте бірнеше заң жобасы жатыр. Онда бұл мәселелер шешілуде», - деді Жеңіс Қасымбек.