Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек елордаға ұқыппен қарауға шақырды

Астанада сегіз айда қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Вандализм – бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі. Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді. Қалада қандай жұмыс қолға алынса да, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындалады. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқық бұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді.

 

Осы жылдың 8 айында ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайды.

-->

Қаламызды жақсарту үшін тұрғындармен күн сайын бірлесе жұмыс істейміз. Абаттандырып, қолайлы ете түсеміз. Дегенмен өкінішке қарай, вандализм мен мәдениетке сай келмейтін әрекеттер бар. Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келеді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды бүлдіреді, қоқыс жәшіктерін төңкеріп тастайды және т.б. Осылайша қаланың өзге де тұрғындары мен қонақтарына сөз тиеді, - деді әкім.

Вандализм – бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі. Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді. Қалада қандай жұмыс қолға алынса да, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындалады. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқық бұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді.

 

Осы жылдың 8 айында ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайды.

Қаламызда жыл сайын камералар санын көбейтетін боламыз. Құқық бұзылғаны үшін қашанда жаза бар екенін ұмытпаған жөн. Кез келген құқық бұзушылыққа және қоғамдық айыптауға төзімділік нөлдік деңгейде болуы керек.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қаламызға ұқыппен қарауға шақырамын! Бұл қалада жақындарымыз, туыстарымыз және өзіміз өмір сүреміз! – деп жазды Ж.Қасымбек.