Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек: Бұл мейрам үлкен бастамаларға серпін береді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді егемендігіміздің, халқымыздың бірлігі мен күш-қуатының символына айналған Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам жүрегімізді қуаныш пен мақтаныш сезіміне бөлеп, Қазақстанның болашағы жолында үлкен бастамаларға серпін береді. Астана Отанымыздың жүрегі ретінде оның дамуында ерекше рөл атқарады. Әрбіріміздің күш-жігеріміздің арқасында қаламыз ең батыл бастамалар мен жобаларды жүзеге асыра отырып, сенімді әрі табысты дамып келеді. Бәріміз бірге қаламызда өмір сүруге қажетті жағдайлар жасаймыз, жаңа мектептер, жолдар, тұрғын үйлер саламыз, көшелерді көгалдандырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытамыз. Осының бәрі – сіздердің еңбектеріңіздің, ортақ іске қосқан үлестеріңіздің жемісі. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жақындарыңызға амандық, сондай-ақ елордамыздың және бүкіл еліміздің тоқтаусыз дамуын тілеймін! Әрбір күн Отанымызды мақтан етерлік қуанышты жағдайларға толы болсын! Республика күні құтты болсын!», - делінген Жеңіс Қасымбектің Instagram желісіндегі парақшасында.