Жеңіс Қасымбек: Астана – армандар орындалатын қала
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы шаһар әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Астана үнемі құлпырып, өсіп, дамып келеді. Бұл жетістіктердің бәрі сіздердің – қала тұрғындарының жанашырлығы, шыдамдылығы және өз ауданына, ауласына, үйіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі», - деді әкім.
Мереке күндері қалада жүзден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылады.
«Олар – концерттер, шоулар, қойылымдар, көрмелер, спорттық турнирлер және т.б. Кез келген адам көңілінен шығатын іс-шара таба алады деп ойлаймын.Астана – армандар орындалатын қала. Мұнда жастар шаңырақ көтеріп, карьера құрады, ұрпақ тәрбиелейді. Біз өз тарапымыздан елордамыздың одан әрі көркейіп, жақсара түсуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.Сіздердің азаматтық белсенділіктеріңізге, қоғамдағы түйткілді мәселелерге назар аударып, пікірлеріңізді ашық айтқандарыңызға алғыс айтамын. Біз атқарып жатқан істің бәрі – сіздермен бірлесе және сіздер үшін жасалып жатыр. Астана күні құтты болсын! Әр отбасыға мықты денсаулық, береке-бірлік және табыс тілеймін», - деді Жеңіс Қасымбек.