«Жеңілдетілген ипотека алып беремін»: Астанада полицейлер алааяқты ұстады
Астанада полицейлер «жеңілдетілген ипотекаға көмектесемін» деген желеумен жасалған алаяқтық дерегін ашты.
«Полиция күдіктіні ұстап, алаяқтық фактісі бойынша жауапкершілікке тартты.
Құқық қорғау органдары азаматтарға ескертеді: «жеңілдетілген бағдарламаларды» немесе несиелерді «жылдам рәсімдеуді» уәде ететін делдалдардың сөзіне сенбеңіздер. Барлық мемлекеттік бағдарламалар қатаң белгіленген тәртіппен және үшінші тұлғалардың араласуынсыз жүзеге асырылады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.